A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 10:20 0

ШҚО-да Азия параойындарының чемпиондарын қарсы алды

Бүгін / ШҚО / Спорт

7-14 желтоқсан аралығында Дубай қаласында  жасөспірімдер арасындағы V Азия параойындары өтті. Шығыс Қазақстан облысынан барған спортшылар халықаралық додада ел намысын абыроймен қорғап, жоғары нәтижелермен елге оралды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Өскеменде байрақты бәсеке чемпиондары мен жүлдегерлерін салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті. Облыс орталығының тұрғындары мен қонақтары спортшылар мен олардың бапкерлерін зор құрметпен қарсы алды.

Өңір мақтанышына айналған спортшылардың қатарында 50, 100 және 400 метр қашықтықта еркін жүзуден үш алтын медаль, 100 метр баттерфляй әдісімен жүзуден күміс жүлде иеленген Виктор Волков, 100 метр арқамен жүзуден чемпион атанып, эстафеталық жарыста жүлдегер болған Кирилл Ресслер, 100 метр арқамен жүзу және 400 метр еркін жүзу қашықтықтарында күміс медаль жеңіп алып, эстафетада да жүлдеге қол жеткізген Матвей Пахомов бар.

Сондай-ақ бапкерлер Оксана Макарова мен Евгений Сизинцевтің еңбегі ерекше атап өтілді.

Бұл жетістіктер Шығыс Қазақстан облысында паралимпиадалық спорттың дамуына елеулі үлес қосты. 

Салтанатты шараға облыстық атқарушы органдардың өкілдері, спорт федерациялары, бапкерлер қауымы, қоғамдық ұйымдар мен өңірдің жас спортшылары қатысты.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив