A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 10:30 0

Үкімет: 2025 жылғы қаңтар-қарашада Қазақстан экономикасының өсуі 6,4% құрады

Бүгін / Республика

Үкімет отырысында 2025 жылдың 11 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары қаралды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

ҚР ҰЭМ деректері бойынша, басты көрсеткіш – ЖІӨ-нің өсімі, ол 6,4%-ға жеткен.

Президенттің сапалы дамуды қамтамасыз ету және халықтың әл-ауқатын арттыру жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде ел экономикасы сенімді өсу қарқынын көрсетуде.

Негізгі драйверлер өсімі 7,3%-дан 7,4%-ға дейін жеделдеген өнеркәсіп пен 6,1%-ға ілгерілеген ауыл шаруашылығы болды. Тұрақты дамуды нақты экономиканың басқа секторлары да көрсетіп отыр. Атап айтқанда, көлік саласы 20,3%-ға, құрылыс 14,7%-ға өсті, ал сауда 8,8%-ға артты.

- Экономика сыртқы жағдайларға бейімделіп, тұрақты даму жолына түсті. Біз базалық салаларда жеделдеу барын көріп отырмыз, бұл әлеуметтік міндеттемелерді орындау және ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру үшін берік негіз қалайды, - деді Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив