Облыс орталығында ҚР Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Бірақатр азамат мемлекеттік наградалармен және Құрмет грамоталарымен марапатталды.
- Шығыс Қазақстанның жетістіктері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған реформалардың және шығысқазақстандықтардың күн сайынғы тынымсыз еңбегінің нәтижесі. Ұлы Абайдың “Түбінде баянды еңбек – егін салған” деп айтқаны бар. Бұл сөз бүгінгі таңда ерекше мәнге иә, – деді облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов.
Марапатталғандардың қатарында өңірдің дамуына өз еңбегімен үлес қосып жүрген әртүрлі сала өкілдері бар. Атап айтқанда, Өскемен қаласы Төтенше жағдайлар басқармасына қарасты №6 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі, азаматтық қорғау старшинасы Ринат Жылқышинов, жеке кәсіпкер Бақытжан Кудышева, Серебрянск қаласы мен Жаңа Бұқтырма кентіндегі «Тепловодоцентраль» КМК-ның 3-разрядты күл шығарушысы Наталья Гохколенко және қоғам қайраткері, Катонқарағай ауданының құрметті азаматы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Совет Иманғалиев.
Жиын соңында Нұрымбет Сақтағанов марапат иелеріне адал еңбектері мен белсенді азаматтық ұстанымдары үшін алғыс білдіріп, амандық пен жаңа жетістіктер тіледі.
Пікірлер