A+ A A-

talgatzhan 33 Бүгін, 14:00 0

Қай отшашу түрлеріне тыйым салынады – ІІМ жауабы

Бүгін / Республика

Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Жаңа жылды тойлау кезінде қандай фейерверктер үшін айыппұл салынатынын түсіндірді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

- Жаңа жылға қатысты тоқталсақ, қоғамдық тәртіпті бұзуға жол бермеу іс-қимылдарына ерекше екпін қоямыз. Мұнда заңдылық пен тәртіп үстемдік етуі керек. Аулалардың тазалығын бұзбайтын немесе басқа азаматтарға қауіп төндірмейтін шағын отшашуларға ешқандай кедергі жоқ. Дегенмен, азаматтардың өміріне, денсаулығына және мүлкіне қауіп төндіретін, сондай-ақ аулаларды ластайтын тыйым салынған отшашуларға әкімшілік кодекс аясында жаза қарастырылған, - деді С. Әділов Парламент Мәжілісінде тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстанда IV классқа жататын (қуатты) пиротехникалық бұйымдарды тек ІІМ-нің лицензиясы бар заңды тұлғалар ғана пайдалана алады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив