Бүгін Самар тасжолында бірнеше көлік құралының қатысуымен жол-көлік оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің алдын ала мәліметінше, Changan CS55 және JAC J7 автокөліктері Самар тасжолымен қарама-қарсы бағытта келе жатқан. JAC J7 жүргізушісі алдында келе жатқан көлікпен соқтығыспа үшін қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен. Соның салдарынан Changan CS55 көлігімен бетпе-бет соқтығысты.
Өз кезегінде JAC J7 көлігі тағы бір көлікпен соқтығысқан.
- Аталған дерек бойынша тексеру жүргізіліп жатыр, жол-көлік оқиғасының мән-жайы анықталуда, - делінген ресми ақпаратта.
Пікірлер