19–20 желтоқсан аралығында өңірде «Аяз ата, Ақшақар – 2025» халықаралық фестивалі ұйымдастырылады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Фестиваль ауқымы жыл сайын кеңейіп келеді. Биыл мерекеге Қазақстандағы Қырғызстан мен Өзбекстан елшіліктерінің өкілдері, Ұлытау, Жетісу және Абай облыстарынан келген қатысушылар жиналады. Фестиваль алаңында 120-дан астам Аяз ата мен Ақшақар жұбы бас қосады.
Іс-шара 19 желтоқсанда Риддерде басталса, 20 желтоқсанда «Алтай Альпілері» тау-шаңғы кешенінде және Өскеменде жалғасады. Қонақтарды концерттік бағдарлама, байқаулар мен түрлі мәдени іс-шаралар күтеді.
Сонымен қатар 20 желтоқсан сағат 15:00-де Аяз ата резиденциясының ашылу салтанаты өтеді.
Пікірлер