A+ A A-

talgatzhan 30 Кеше, 09:50 0

Шемонаиха ауданында өрт кезінде бес адам құтқарылды

Бүгін / Шемонаиха

Шемонаиха қаласының 3-шағын ауданында көппәтерлі тұрғын үйдің бесінші қабатындағы пәтерде өрт шықты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап. 

Өрт салдарынан пәтер ішіндегі жиһаз бен жеке заттар жанып, кіреберісті қою түтін басты. Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері түтінге толы аймақтан бес адамды құтқарды. Құтқару жұмыстарына оқиға орнында болған аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері де атсалысты.

Төтенше қызметтер жеткенге дейін 17 тұрғын кіреберістен өздігінен эвакуацияланған.

Өрт қысқа уақыт ішінде сөндірілді. Қазіргі таңда оқиғаның шығу себебі анықталып жатыр.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив