A+ A A-

talgatzhan 30 Кеше, 10:20 0

ШҚО тұрғыны Ресейде жол апатынан көз жұмды

Бүгін / ШҚО

16 желтоқсанда Тюмень-Ялуторовск-Ишим-Омск тасжолында бір жеңіл көлік пен төрт жүк көлігінің қатысуымен ірі жол апаты тіркелді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Тюмень облыстық прокуратурасының мәліметінше, жеңіл көлік жүргізушісі қарсы қозғалыс жолына шығып, DAF жүк көлігімен соқтығысқан. Кейін тағы үш жүк көлігі соқтығысып қалды. 

DAF жүк көлігінің жүргізушісі алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Жеңіл көліктің және тағы бір жүк көлігінің жүрізушісі ауруханаға жатқызылды.

Абат аудандық прокуратурасы жол қауіпсіздігі туралы заңнаманың сақталуына қатысты тергеу бастады. Қажет болған жағдайда тиісті шаралар қолданылады.

Бейресми ақпаратқа сүйенсек, марқұм Глубокое ауданындағы Бобровка ауылының тұрғыны болған. Ауылдастары жүргізушінің отбасын қолдап, қаражат жинауда.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив