Анықталғандай, жыл басынан бері тіркелген 164 тұрмыстық қылмыстың 106-дан астамы мас күйінде жасалған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Қылмыскерлерді тәртіптік жауапкершілікке тартудың тиімді құралы - ҚР ӘҚБтК-нің 54-бабына сәйкес арнайы мінез-құлық талаптарын белгілеу. Учаскелік полиция қызметкерлерінің өтініші бойынша жыл басынан бері 935 адамға осындай шаралар қолданылды. Сонымен қатар 747 құқық бұзушыға алкогольді ішімдіктерді ішуге тікелей тыйым салынды. Бұл шектеулерді бұзғаны үшін 983 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сонымен қатар аймақта алдын алу жұмыстары жүргізілуде. Соңғы бір жылда 150-ден астам іс-шара ұйымдастырылып, әлеуметтік желілерде 150 ақпараттық материал мен бейнежазба жарияланды.
Ал демалыс және мереке күндері полиция күшейтілген режимге көшеді. Соның аясында тәртіп сақшылары тұрмыстық зорлық-зомбылыққа бейім адамдардың тұрғылықты жерін тексеріп, олармен профилактикалық сұхбат жүргізіп, жәбірленушілермен жұмыс істейді. Қиын өмірлік жағдайдағы отбасылар да анықталады.
ШҚО Полиция департаментінің ақпаратынша, демалыс және мереке күндері бақылауды күшейту қылмыстың алдын алуға, азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғауға және тұрмыстық қақтығыстардың өршуіне жол бермеуге бағытталған.
Пікірлер