Бұл туралы ШҚО Полиция департаменті бастығының орынбасары ведомствоаралық комиссия отырысында мәлім етті. Аймақта «Заң және тәртіп» принципі жүйелі түрде жүзеге асырылуда, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Қабылданған шаралар кешені бірқатар негізгі көрсеткіш бойынша оң динамикаға қол жеткізуге мүмкіндік берді. Жыл басынан бастап қылмыс деңгейі 2,4%-ға төмендеп, қоғамдық орындар мен көшелердегі құқық бұзушылықтар айтарлықтай азайып, ұрлық саны едәуір қысқарды.
Сонымен қатар аймақта әлі де ерекше назар аударуды қажет ететін бағыттар бар. Мәселен, отбасы-тұрмыстық қылмыстардың алдын алу.
Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарын қорғау үшін осы жылдың 11 айында 4 484 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 4 198 қорғаныс бұйрығы шығарылды. Қойылған шектеулерді бұзғаны үшін 500 адам жауапқа тартылды.
Пікірлер