A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 11:10 0

ШҚО-да есірткі қолданатындардың саны 9,2%-ға азайды

Бүгін / ШҚО

Өңірде есірткіге тәуелділікпен, оның заңсыз айналымымен күресу және оңалту қызметтерін дамыту бойынша жүйелі жұмыстар жалғасуда, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Жыл бойы білім беру мекемелерінде кең ауқымды алдын алу жұмыстары өтті. Дәрістер, семинарлар, дөңгелек үстелдер және мақсатты талқылаулар ұйымдастырылып, 12 000-нан астам адамды қамтыды. Психикалық денсаулық орталығының сайтында және әлеуметтік желілерде 47-ден астам ақпараттық материал  мен бейнеролик жарияланды. 

ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, есірткіге тәуелділіктен бақылауда тұрған адамдар саны тұрақты түрде азайып келеді. Психоактивті заттарды қолданатындар саны 6%-ға, алкоголь 5,3%-ға және есірткі 9,2%-ға кеміді. 

1 қарашадағы жағдай бойынша синтетикалық заттарды қолданатын 160 науқас есепте тұр. Биыл синтетикалық заттарды қолданғаны үшін алғаш рет есепке тіркелгендер саны 20-ға азайды.

Жыл басынан бері жеке тұлғаларға ресми шектеулерсіз көмек сұрауға мүмкіндік беретін жаңа консультациялық бақылау форматы енгізілді. Қазір 397 адам консультациялық бақылаудан өтуде.

Биыл Өскеменде медициналық-әлеуметтік оңалту бөлімінің ашылды. Соңғы 10 айда 38 адам оңалтудан өтті.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив