A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 11:20 0

Өскеменде жаңа көпір құрылысы келесі жылы басталуы мүмкін

Бүгін / Өскемен

Қазір жаңа көпір жобасы әзірленуде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Бұл шаһардың инфрақұрылымдық мәселесін шешуде маңызды рөл атқарады. Жаңа көпір Меновное кентінде салынады. Ол Ярославский көшесі мен Алматы тасжолының қиылысынан басталып, Серікбаев пен Карбышев көшелерінің қиылысында аяқталады.

- Қаланың логистикасы әлсірей бастады, сондықтан көпір құрылысы өзекті саналады. Жоба қолға алынды. Жақын арада сараптамалық тексеруден өтіп, келесі жылдың екінші тоқсанында дайын болады. Кейін қаржыландыру мәселесі қарастырылады. Егер оң нәтиже шықса, құрылыс келесі жылы басталуы мүмкін, - деді қала әкімі Алмат Ақышов.

Көпірдің ұзындығы шамамен 834 метр болады деп күтілуде. 6 жолақтың әрқайсысының ені 3,5 метрді құрамақ. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив