SafeTravelKZ туристік картасы қала қонағына әуежайдан бастап, саяхат аяқталғанға дейін жол көрсетеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Көші-қон қызметі ұсынған картаның көмегімен турист бағытын оңай айқындап, Даңқ мемориалы, Славский жағалауы, Металлургтер мәдениет үйі және Тәуелсіздік монументі сынды көрікті жерлерді аралады.
QR-код арқылы пайдалы ақпаратқа қол жеткізген саяхатшы бейтаныс ортада өзін сенімді сезінді. Бұл – артық ізденіссіз, тек жайлылыққа құрылған сапалы демалыстың кепілі.
ШҚО Полиция департаментінің қатысуымен жүзеге асырылатын бұл жоба туристердің қауіпсіздігін арттырып, өңірдің қонақжайлылығын нығайтуды көздейді.
Пікірлер