A+ A A-

talgatzhan 2 Бүгін, 12:40 0

ШҚО-да Әлеуметтік диалог орталығы ашылды

Бүгін / ШҚО

Бүгін Өскеменде Әлеуметтік диалог орталығының салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Іс-шараға облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Асқарбек Ертаев және өңірдегі бірқатар кәсіпорын басшылары қатысты.
Салтанатты жиында сөз сөйлеген Асқарбек Ертаев әлеуметтік диалогты дамыту мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі екенін атап өтті.
- Бүгін — іскер серіктестер мен мемлекеттік қызметшілер үшін маңызды күн. Әлеуметтік диалогтың басты мақсаты — қоғамдағы тұрақтылықты сақтау, еңбек өнімділігін арттыру және жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы қарым-қатынасты нығайту. Осы мақсатта Өскеменде Әлеуметтік диалог орталығы ашылып отыр. Бұл нысан бизнес өкілдері арасындағы байланысты күшейтіп, еңбек саласындағы өзекті мәселелерді тиімді шешуге мүмкіндік береді. Министрлік тарапынан бұл бастама жан-жақты қолдауға ие болады, - деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі  
Айта кетейік, бұл орталық республика бойынша Өскеменде алғаш рет ашылып отыр. Алдағы уақытта аталған тәжірибе өзге өңірлерге де енгізілуі мүмкін.

Әдемі АМАНГЕЛДІ

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив