Тәуелсіздік күніне орай Жасөспірімдер арасындағы V Азия параойындарына қатысқан шығысқазақсандық спортшылар марапатқа ие болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов қатысушыларға алғыс айтып, олардың еңбектерін ерекше атап өтті.
- Бұл жарыстарға әлемнің 50 елінен 1300-ден астам спортшы қатысты. Біздің спортшылар жоғары шеберлігін ғана емес, ең бастысы мықты мінезін, табандылығын және жеңіске деген жігерін көрсетті. Ұлттық құрама қоржынына 68 медаль түсті: 25 алтын, 23 күміс және 20 қола, – деді Нұрымбет Сақтағанов.
Спортшылар мен олардың жаттықтырушыларына Алғыс хаттар мен 300 000 және 500 000 теңге көлеміндегі ақшалай сертификаттар табысталды.
Олардың қатарында Виктор Волков (паражүзу), Ольга Романькова (параармрестлинг), Матвей Пахомов (паражүзу), Кирилл Ресслер (паражүзу) бар.
Жаттықтырушылары: Оксана Макарова, Евгений Сизинцев және Сергей Соколов.
Айта кетейік, бүгінде облыста 1628 спорт нысаны жұмыс істейді (оның 563-і қалаларда, 1065-і ауыларда орналасқан).
Пікірлер