«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық жобасы аясында өңірде медициналық инфрақұрылымды дамытуға бағытталған ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Жоба шеңберінде өңірде 36 денсаулық сақтау нысанын салу жоспарланыр, басым бөлігі пайдалануға берілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айнаш Қапанованың айтуынша, 2023–2025 жылдар аралығында облыста 35 медициналық нысан салынды. Қалған бір нысан жыл соңына дейін пайдалануға берілмек.
Сонымен қатар өңірде ірі медициналық ұйымдарды салу және қайта жаңғырту жұмыстары да жалғасып жатыр. Атап айтқанда, Өскемендегі Гематология орталығы, Риддердегі көпсалалы аурухана кешені, облыстық онкологиялық орталықтың бөлімшелері және Ана мен бала орталығын жаңғырту жобалары іске асырылуда.
Бұдан бөлек, биыл Қасым Қайсенов кентінде бір ауысымда 150 адамды қабылдай алатын жаңа емхана пайдалануға берілді.
Медициналық ұйымдарды күрделі жөндеу жұмыстарына да ерекше назар аударылып отыр. Бұл мақсатқа 3,7 млрд теңге бөлініп, өңірдегі 11 нысанда жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Пікірлер