A+ A A-

talgatzhan 32 Бүгін, 17:30 0

Қазақстанда 2029 жылға дейін 111 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі

Бүгін / Республика

Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов БАҚ өкілдерімен өткен баспасөз кездесуінде елде тұрғын үй құрылысы жоспардан асыра орындалып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап. 

Вице-министрдің айтуынша, Мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасы аясында 2029 жылға дейін 111 млн шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру және 1 млн-нан астам азаматты баспанамен қамтамасыз ету жоспарланған. Қазіргі таңда бұл көрсеткіштер 7,3 млн шаршы метрге немесе 48,5%-ға артық орындалып отыр.

Қуандық Қажкенов соңғы жылдардағы көрсеткіштерді де атап өтті:

2023 жылы жоспарланған 15,3 млн шаршы метрдің орнына 17,8 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді;

2024 жылы жоспар 15,5 млн шаршы метр болса, нақты көрсеткіш 19,1 млн шаршы метрді құрады;

2025 жылы жоспарланған 15,7 млн шаршы метрдің орнына 11 айдың қорытындысы бойынша 16,9 млн шаршы метр тұрғын үй салынды.

- 2025 жылдың 11 айында ел бойынша 16,9 млн шаршы метр тұрғын үй, яғни 154,3 мың тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл ретте 2025 жылға арналған жылдық жоспар 19,2 млн шаршы метрді құрайды, – деді ол.

Сонымен қатар Қуандық Қажкенов тұрғын үй жағдайын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шаралары жалғасып жатқанын атап өтті.

- Азаматтарға, әсіресе тұрғын үйге мұқтаж жандарға жалдамалы тұрғын үй және жеңілдетілген ипотекалық несиелер ұсынылады, – деді вице-министр.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив