A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 10:20 0

ШҚО-да 150 дәрігер жетіспейді

Бүгін / ШҚО

Өңірдегі 11 000 медицина қызметкерінің ішінде 3000 дәрігер бар. Мамандардың жетіспеушілігі облыс орталығында байқалып отыр. Бұл туралы ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айнаш Қапанова мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Белгілі болғандай, облысқа педиатр, анестезиолог/реаниматолог, акушер-гинеколог және жалпы тәжірибе дәрігерлері қажет. Бұл мәселені шешу үшін мамандар резидентурада оқып жатыр. 

- Қазір ауылдарға келетіндер үшін 8,5 млн теңге көлемінде қаражат беріледі. Әкімдіктер оларды тұрғын үймен қамтамасыз етеді. Жаңа мамандарды тарту үшін осындай шараларды қабылдап жатырмыз. Сондай-ақ біздің дәрігерлер аудандар мен қалалардағы жетекшілерімен бірге жұмыс жәрмеңкелері мен медициналық оқу орындарына барып, келіссөздер жүргізеді. Қажетті кадрларды тарту үшін оңтүстікке де барады. Дегенмен тапшылық әлі де сақталуда, - деді Айнаш Қапанова.

Бұдан бөлек, ол дәрігерлердің жалақысы жыл сайын өсіп келе жатқанын атап өтті. Қазір ол шамамен 500 000 теңгені құрайды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив