A+ A A-

talgatzhan 34 Бүгін, 12:40 0

ШҚО-да биыл ветеринариялық қызметтің автопаркі жаңартылды

Бүгін / ШҚО

Өңірде эпизоотиялық жағдай тұрақты, аса қауіпті жұқпалы аурулардың ошақтары тіркелген жоқ. Бұл туралы ШҚО Ветеринария басқармасының басшысы Рамиль Сағандықов мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Белгілі болғандай, эпизоотиялық тұрақтылық жүйелі профилактикалық жұмыстардың, жануарлардың денсаулық жағдайына тұрақты мониторинг жүргізудің және уақтылы ветеринариялық диагностиканың нәтижесінде қамтамасыз етілуде. 

Биыл өңірде ветеринариялық қолайлы жағдайды қамтамасыз етуге 2,04 млрд теңге қарастырылған. Соңғы 12 жылда алғаш рет ветеринариялық қызметтің автопаркі  жаңартылып, 133 бірлік арнайы автокөлік жеткізілді. Бұл мамандардың мобильділігін арттырып, ықтимал қауіп-қатерлерге жедел ден қоюға мүмкіндік береді.

Сала дамуының маңызды қадамдарының бірі – заманауи жабдықтармен жарақтандырылған және халықаралық стандарттар бойынша аккредиттелген көпсалалы ауыл шаруашылығы зертханасының ашылуы. Жаңа зертхана ветеринариялық диагностика мүмкіндіктерін кеңейтіп, облыстың экспорттық әлеуетінің артуына ықпал етеді.

Бұдан бөлек, 2026–2027 жылдарға арналған 3,6 млрд теңгеге бюджеттік бағдарлама әзірленді. Бағдарлама аудандық ветеринариялық станциялар, ветеринариялық пункттер және мал қорымдарын салуды көздейді. Жоспарланған шараларды іске асыру эпизоотиялық тәуекелдерді одан әрі төмендетуге, жануар тектес өнімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және өңір халқының денсаулығын қорғауға мүмкіндік береді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив