A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 13:00 0

Биыл елде шетелдік 7 ЖОО-ның филиалы жұмысын бастады

Бүгін / Республика

Осы жылы елімізде шетелдік 7 университеттің филиалы жұмысын бастады. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

- Бүгінде 33 шетелдік жоғары оқу орны өз қызметін түрлі нысандарда жүзеге асырып жатыр. Оның ішінде биыл 7 шетелдік жоғары оқу орны іске қосылды, - делінген ведомствоның Kazinform агенттігіне берген жауабында.

Негізгі мақсат — Қазақстанда академиялық және зерттеуші хаб құру. Сондықтан, шетелдің үздік 40 университеті Қазақстанда филиал ашуға келісім берген.

Айта кетейік, Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде Италияның Анкона қаласындағы Марке политехникалық университетінің филиалы ашылды. 

Биыл қыркүйек айында Астанада британдық университеттің филиалы ашылды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив