A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 14:05 0

Президент тапсырмаларын орындау: Үкімет 469 мыңнан астам адамды ауыз сумен жабдықтауды жақсарту бойынша жұмыс жүргізуде

Бүгін / Республика

Су ресурстары және ирригация министрлігі 469 мыңнан астам адам тұратын 224 елді мекенді сумен қамтамасыз ететін 13 топтық су құбырын пайдалануға беруге дайындалуда. Бұл туралы су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Үкімет қызметінің жылдық қорытындыларына арналған баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

- Оның ішінде 32 мың тұрғыны бар 43 елді мекен алғаш рет орталықтандырылған сумен жабдықтауға қосылған. Мысалы, Солтүстік Қазақстан облысында Есіл топтық су құбырын реконструкциялау жобасы аясында 52 ауылдағы ауызсу мәселесі жақсартылды. Бұл елді мекендерде 35 мыңнан астам адам тұрады. Жоба аясында 100 шақырымнан астам су құбыры желісінде жұмыстар жүргізілді. Ұлытау облысында жүзеге асырылып жатқан Есқұла су құбырын салу жобасы нәтижесінде 75 мыңнан астам тұрғыны бар елді мекендердің ауызсумен қамтылу деңгейі жақсаруда, - деді Нұржан Нұржігітов.

Өткен жылы 6 облыста 8 топтық су құбырын реконструкциялау және салу аяқталғаны, бұл 208 мың адам тұратын 49 елді мекенді сумен жабдықтау жүйесін едәуір жақсартуға мүмкіндік бергені атап өтілді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив