A+ A A-

talgatzhan 37 Бүгін, 14:20 0

2025 жылы су саласы қызметкерлерінің жалақысы 50%-ға дейін артты

Бүгін / Республика

Су саласының тартымдылығын арттыру мақсатында Су ресурстары және ирригация министрлігі жалақыны көтеруге бағытталған кешенді шаралар қабылдады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Нәтижесінде, 2024 жылы «Қазсушар» РМК қызметкерлерінің жалақысы орта есеппен 25%-ға өсті, ал биыл 1 шілдеден бастап тағы 35-50%-ға артты.

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Үкіметтің бір жылдағы қызметінің қорытындыларына арналған баспасөз мәслихатында атап өткендей, қазіргі таңда «Қазсушар» РМК қызметкерлерінің орташа жалақысы екі есе өсіп, 300 мың теңгені құрап отыр. 

Сонымен қатар еңбек жағдайларын жақсарту шаралары аясында, биылдан бастап «Қазсушар» РМК-нің 425 маусымдық қызметкері тұрақты қызмет орындарына ауыстырылды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив