A+ A A-

talgatzhan 42 Бүгін, 09:50 0

ШҚО-да кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласқаны үшін 2 лауазымды тұлға жауапқа тартылды

Бүгін / ШҚО

Өңірде 1266 кәсіпкердің құқығы қорғалып, бизнеске қатысты 2 жүйелі мәселе шешілді және 11 инвесторға қолдау көрсетілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

Шығыс Қазақстан облысында инвесторларды қолдау және кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бойынша прокуратураның жүйелі жұмысы жалғасуда.

Жыл басынан бері прокурорлық шаралар нәтижесінде 1266 кәсіпкердің құқығы қорғалды, бизнеске қатысты 2 жүйелі мәселе шешілді және 11 инвесторға қолдау көрсетілді.

- Кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласқаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 173-бабы бойынша 2 лауазымды тұлға жауаптылыққа тартылды, - делінген хабарламада.

Бизнеспен ашық диалогты қамтамасыз ету мақсатында прокуратура «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, кәсіпкерлердің қатысуымен 42 кездесу өткізді.

Соңғы мысалдардың бірі — «Алтайская Форель» ЖШС-не қатысты жағдай.

- Кәсіпкерге балықты тасымалдау үшін қажетті ветеринарлық анықтама бірнеше рет берілмей келген. Бұған себеп заңнамада көзделмеген, балықтың шығу тегі туралы құжатты талап ету болған. Бұл талап кәсіпорын жұмысының тоқтауына әкелген. Прокуратураның араласуынан кейін кәсіпкердің құқығы қалпына келтірілді, анықтама берілді, - делінген прокуратура хабарламасында. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив