A+ A A-

talgatzhan 42 Бүгін, 10:00 0

ШҚО-да жүкті әйел тікұшақпен ауруханаға жеткізілді

Бүгін / ШҚО

Шығыс Қазақстан облысында жүкті әйел тікұшақпен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап. 

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жүкті әйелге шұғыл медициналық көмек көрсету мақсатында ТЖМ-нің санавиациясы іске қосылды.

- «Өскемен-Самар-Өскемен» бағыты бойынша ұшқан Ми-8 тікұшағын Руслан Ағламбеков пен Леонид Калеканов басқарды. Ұшу барысында пациентке қажетті медициналық көмекті санавиация дәрігерлері Марат Көксегенов, Татьяна Сергеева және Рима Меңдібаева көрсетті, - деп хабарлады ведомство өкілдері. 

ТЖМ экипажы мен дәрігерлердің жедел әрекеттерінің арқасында болашақ ана Өскемен қаласындағы медициналық мекемеге аман-есен жеткізілді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив