Киров көшесіндегі төрт қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы пәтер қызыл жалынға оранды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Белгілі болғандай, үй ішіндегі жиһаз бен жеке заттар жанып кеткен.
ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары 15 шаршы метр аумақтағы өртті сөндірді.
Тұрғындар өз бетінше эвакуацияланды. Зардап шеккендер жоқ.
Пікірлер