Өңірде 15-31 желтоқсан аралығында қылқан жапырақты ағаштарды заңсыз кесу, дайындау, тасымалдау және сату фактілерінің жолын кесуге бағытталған «Шырша» жедел алдын алу шарасы өтуде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Шара аясында полиция қызметкерлері тікұшақпен авиациялық рейд жүргізді. Орман алқаптарына әуеден мониторинг жасау қылқан жапырақты ағаштардың жай-күйін нақты тіркеуге және жетуі қиын учаскелерді қамтуға мүмкіндік берді.
Ұшу барысында тәртіп сақшылары Риддер, Шемонаиха, Глубокое, Ұлан және Алтай аудандарының аумақтарын қамтыды.
Айта кетейік, жедел алдын алу шарасы басталғалы бері ағаштарды заңсыз кесудің екі фактісі анықталды.
Пікірлер