Тоқты
Жаңа жыл алдында қарбалас жұмыс қаптай түсуі мүмкін. Тіпті соның салдарынан мереке қарсаңында демалып та үлгермейсіз. Не де болса желтоқсан айының 25-26 күндері әзір жүріңіз, сіз үшін ерекше күн болғалы тұр.
Торпақ
Ата-анаңызбен шүйіркелесіп, өткен-кеткенге ой жүгіртетін сәт. Соның барлығының Жаңа жылға орайлас келуі бұлай жақсы болар ма? Жұлдыздар дастарханды жайнатып, қонақ шақыруға кеңес береді.
Егіздер
Сүйіктіңізбен нақты жоспар бекітіп, демалыс күндерін қалай өткізетіндеріңізді мұқият жоспарлаңыз. Әйткенмен кез келген өзгерістерге әзір жүріңіз. Апта ортасында бейтаныс біреу қоңырау шалуы мүмкін.
Шаян
Демалыс күндері арқаны кеңге салуыңыз жұмыс күндері ауыр тиіп жүрмесін. Сондықтан мереке қарсаңында ащы су бөгеуін бұзарда тізгін тартқаныңыз жөн. Тамыр-таныстарыңыздың кей қылықтары ашуыңызға тиюі мүмкін.
Арыстан
Ұнатқан адамыңызбен араларыңыз алшақтамас үшін жиірек сыйлық жасаңыз. Бір іске кірісер барлығын жанжақты ойластырып алыңыз. Кейін ықпалды серіктес табуыңыз ғажап емес. Келесі айда мол қаражатқа ие болуыңыз мүмкін.
Бикеш
Арманыңызға жетуіңізге сынық сүйем қалғандай. Апта ортасында күш-қайратыңыз толысып, екінші тынысыңыз ашылғандай болады. Демалыс күндері достарыңызбен бас қосып, жаңажылдық жоспарды талқылаңыз.
Таразы
Көңіліңізді қалдырған жандарды да кешіруге тырысыңыз. Жаңа жыл алдында үйіңізге жақсылап тазалық жүргізіп, ескі заттардан құтылғаныңыз жөн. Мереке қарсаңында жұбайыңызбен кикілжің шығуы кәдік.
Сарышаян
Қазір ем-дәм сақтаймын деп құнарлы тағамдардан іргеңізді аулақ салмаңыз. Әйтпесе иммунитетіңіз әлсіреуі мүмкін. Ескі жарақаттарыңыз сыр берсе, ақ халаттылардың көмегіне жүгініңіз.
Мерген
Табиғатынан бауырмал Мергендер жаңа әріптестер тауып, айналасындағыларға ерекше мейірбандықпен көз тастайды. Басшылық жүктеген тапсырмаларды орындап бітпей жатсаңыз әріптестеріңізге жүгінгеніңіз абзал.
Тауешкі
Егер демалуды ойлап жүрсеңіз, онда кез келген сапарыңыз арманыңыздағы саяхатпен тең. Қайда барсаңыз да бала-шағаңызды апарудан еш қысылмаңыз: аздаған еркелік ешкімнің көңіліне келмес.
Суқұйғыш
Ай аяғында шұғыл шешуге тиіс бірнеше тапсырма туындайды. Алаңдап, қобалжудың еш қажеті жоқ – ай біткенше барлығына да үлгересіз. Бастысы, рет-ретімен бөліп, асығыстыққа бой алдырмау қажет.
Балықтар
Қазіргі уақытта күрделі жоспар құрып керек емес, орындалмай қалуы ғажап емес. Одан да Жылқы жылында басшылық үдесінен шығудың жаңа әдістерін ойластыра беріңіз. Бәлкім, мәнсап баспалдағымен көтерілудің сәті түседі.
Пікірлер