A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 12:00 0

2026 жылдан бастап Қазақстанда жеке куәлік тегін беріледі

Бүгін / Республика / Пайдалы

ІІМ бұл құжатты алғаш рет рәсімдегендер мен жарамдылық мерзімі аяқталған кезде ауыстыратындар үшін осындай мүмкіндік беріп отыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап. 

1 қаңтардан бастап Қазақстанда айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) мөлшері өседі. Ол 4 325 теңгені құрайды. Ал 2025 жылы АЕК 3 932 теңге болған. Осыған байланысты мемлекеттік қызметтер мен баж салығының көпшілігі қымбаттайды.

АЕК-тің өсуіне байланысты жеке басын куәландыратын құжаттарды рәсімдеу құны шамамен 10 пайызға артады. Атап айтқанда, ересектерге арналған паспорттың құны 8 АЕК немесе 34 600 теңге болады. Балаларға арналған төлқұжат 4 АЕК-ке тең, яғни 17 300 теңге.

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жеке куәлік алғаш рет берілген кезде және жарамдылық мерзімі аяқталған соң ауыстырылған жағдайда тегін рәсімделеді. Бұл туралы Көші-қон қызметі комитетінің төрағасы Аслан Аталықов мәлімдеді.

- Жеке куәліктер алғаш рет берілген кезде тегін болады. Сонымен қатар олардың жарамдылық мерзімі аяқталғаннан кейін ауыстырылуы да мемлекеттік бажсыз жүзеге асырылады, - деді ол.

Еске сала кетсек, жеке куәліктің құны 0,2 АЕК немесе 865 теңгені құрайды. Ал 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қазақстандықтар үшін туу туралы куәлік те тегін беріледі.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив