A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 12:05 0

ШҚО әкімі Өскеменді дамытудың негізгі бағыттарын айқындады

Бүгін / ШҚО

Бүгін аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов облыс орталығының тұрғындарымен кездесіп, шаһарды дамытудың негізгі бағыттары мен алдағы жоспарлар туралы айтты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Кездесу барысында облыс әкімі өңірдің барлық аумағы бойынша экономикалық өсімнің бес жылдық жоспарлары бекітілгенін атап өтті. Оның айтуынша, жалпы өңірлік жобалардың көлемі 2,8 трлн теңгені құрайды. Оның ішінде 2,3 трлн теңге жеке инвестициялар болса, 522,4 млрд теңге бюджет қаражаты есебінен жүзеге асады.
- Өскеменді дамыту жоспары аясында 193,6 млрд теңге бюджет қаражаты және 744,4 млрд теңге жеке инвестиция тарту көзделіп отыр, – деді Нұрымбет Сақтағанов.
Аймақ басшысының мәліметінше, Өскемен облыстағы өнеркәсіп өндірісінің 78,7 пайызын қалыптастырады. Бұл көрсеткіштің басым бөлігі өңдеу өнеркәсібіне тиесілі, оның үлесі 95 пайыздан асады. Қала бойынша өндіріс көлемінің 5,6 пайызға төмендеуі негізінен қала құраушы кәсіпорындардағы уақытша көрсеткіштердің азаюымен байланысты екені айтылды.
Сондай-ақ кездесуде шағын және орта бизнестің өңір экономикасындағы рөліне ерекше назар аударылды. Қалада 42 мыңға жуық шағын және орта бизнес субъектісі тіркелген, бұл облыс бойынша жалпы санның 60 пайыздан астамын құрайды.
- Кәсіпкерлікті қолдау шаралары нақты экономикалық және әлеуметтік нәтиже беріп отыр, – деді өңір басшысы.
Кездесу соңында тұрғындар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, қала инфрақұрылымын дамыту мен әлеуметтік мәселелер бойынша ұсыныстарын білдірді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив