A+ A A-

talgatzhan 32 Бүгін, 15:00 0

Шетелден жеткізілген дәрі-дәрмек тыңғылықты тексеріледі — ДСМ

Бүгін / Республика

Қазақстанға жеткізілетін дәрілік препараттарға толық сараптама жасалады. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Ербол Оспанов мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап. 

Сонымен қатар ол елге ресми түрде жеткізілетін дәрі-дәрмектің басым бөлігі шетелден келетінін айтты. Олардың барлығы тиісті тексеруден өтеді.

— Егер дәрі-дәрмекті шетелде жеке өзіңізге алсаңыз, мұны мемлекет бақыламайды. Шектеулі препараттар болса, оны кеден қызметі көреді, яғни психотропты заттар тасымалдануы мүмкін, — деді Ербол Оспанов.

Оның айтуынша, адамдардың жүрек ауруына немесе онкологияға тиісті препараттарды шетелде сатып алуына шектеу жоқ.

— Ал алыпсатарлық мақсаттағы әрекеттер заңға қайшы. Оны құзыретті органдар бақылайды. Бірақ ресми түрде Қазақстанға жеткізілетін дәрілер бар. Оны дистрибьютор міндетті түрде тіркейді. Бұл тұрғыда арнайы мемлекеттік мекеме сараптама жасап, препараттың құрамын зерттейді, өндірушінің зауыттан тиісті құжаттарды алдыртады, — деді вице-министр.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив