Жақында өткен қалалық мәслихат сессиясында бір жыл ішінде атқарылған жұмыстар туралы есеп берілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Белгілі болғандай, биыл жөндеу жұмыстары 155 жол учаскесін (94 шақырым жол мен көше) қамтыды. Соның ішінде 59 учаскеге (42 шақырым) асфальт төселді, 96 учаскеде (52 шақырым) қиыршық тасты жөндеу жүргізілді, 11 шақырым тротуар қалпына келтірілді.
Бұл жұмыстардың жалпы құны 12,6 млрд теңгені құрады.
Пікірлер