A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 10:05 0

Өскеменде 1 715 бала балабақша кезегінде тұр

Бүгін / Өскемен

Орын тапшылығы Жібек маталар комбинаты шағынауданында байқалады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Биыл қаладағы балабақшалар мен шағын орталықтарда 392 жаңа орын ашылды. Жыл соңына дейін оның жалпы саны 812-ге жетеді деп жоспарлануда.
ШҚО Білім басқармасының мәліметінше, қалада 101 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді. Онда барлығы 17 054 бала тәрбиеленуде (оның ішінде 14 730-ы балабақшаларда, 2 324-і мектепалды сыныптарда).
– Орын тапшылығы (1 715 орын) жаңа тұрғын үй кешендері қарқынды салынып жатқан ЖМК шағын ауданында байқалады, – делінген ресми ақпаратта. 
Биыл 1 наурыздан бастап ваучерлік қаржыландыру тетігі енгізілді. Оған мемлекеттік тапсырыс орналастырылған 82 балабақша көшті. 1 наурыз-11 желтоқсан аралығында 22 657 ваучер берілді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив