Бүгінде облыс орталығы өңірдегі өнеркәсіп өндірісінің 78,7%-ын қалыптастырады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Өңдеу өнеркәсібінің үлесі 95%-дан асады. Қала бойынша өндіріс көлемі 5,6%-ға төмендеген, негізгі себеп - қала құраушы кәсіпорындардағы көрсеткіштердің азаюы. Өндірістік қуаттарды тұрақтандыру бойынша тиісті шаралар қабылданды.
Бұдан бөлек, құрылыс кластері іске қосылуда: кірпіш, газоблок, құрғақ қоспалар, бояу материалдары.
Өнеркәсіптік алаңдар базасында машина жасау кластерін қалыптастыру көзделген.
Ірі ұлттық компаниялармен ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойылды.
Негізгі мақсат - импортты алмастыру, жұмыспен қамту және экспорттық әлеуетті арттыру.
Пікірлер