A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 10:20 0

Өскеменде 1,4 тонна ет өндірілді

Бүгін / Өскемен

Облыс орталығының агроөнеркәсіптік кешендегі үлесі өңірдегі ауыл шаруашылығы өнімінің 6%-ын құрайды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Егіс алқаптарының көлемі 8 мың гектардан асады. Оның ішінде дәнді дақылдар - 26,6%, майлы дақылдар - 30,3%, мал азығы дақылдары - 15,9%, көкөністер - 9,4%, картоп - 17,7%.

Қазір Өскеменде 4,1 мың бас ірі қара, 4,5 мың бас қой мен ешкі, 2,5 мың бас жылқы өсіріледі. 

Сонымен қатар ет өндіру көлемі 1,4 мың тоннаны құрады, бұл облыстық көлемнің 1%-ына тең.

Бүгінде Өскемен бүкіл өңірдің агроөнеркәсіптік кешеніндегі негізгі қайта өңдеу орталығы саналады. Ірі кәсіпорындар қатарында «Шығыс-Сүт», «Эмиль», «Май» АҚ, ұн тарту комбинаты бар.

«Шығыс-Сүт» инвестициялық жобасының құны - 500 млн теңге, 2026 жылдан бастап ірімшік өндіру көлемін ұлғайту жоспарланған.

Сондай-ақ жуықта жылына 150 мың тонна өнім өндіруге қауқарлы «ALTAI MAI» май экстракциялық зауыты іске қосылды.

«Алтай» көтерме-бөлшек сауда орталығы ашылып, фермерлердің өнімін делдалсыз тікелей сатуда маңызды рөл атқарып отыр.

Аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов қала әкімі Алмат Ақышовқа агроөнеркәсіптік кешендегі инвестициялық жобаларды тұрақты бақылауда ұстап, жаңа қайта өңдеу жобаларын қалыптастыруды тапсырды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив