A+ A A-

talgatzhan 32 Бүгін, 10:25 0

Өскеменде медициналық туризм белсенді дамуда

Бүгін / Өскемен

Облыс орталығы «Қала-Тау-Көл» туристік кластерінің өзегі саналады. Мұнда жыл бойы жұмыс істейтін туристік модель қалыптастырылуда, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Дамудың негізгі бағыттары: жағалауларды абаттандыру және мәдени мұра нысандары, «Ақбауыр» археопаркі, тау шаңғысы және рекреациялық аймақтар. Сондай-ақ көпфункционалды концерттік орталық салу және 4-5 жұлдызды қонақүйлерді қоса алғанда, халықаралық қонақүй желілерін тарту.

Қаланың гастрономиялық әлеуеті де жоғары.

Бұдан бөлек, ШҚО Көпсалалы онкология және хирургия орталығы базасында медициналық туризм белсенді дамып келеді. Өскеменде CHECK-UP тексерісінің құны - 500 АҚШ доллары. 

Осылайша, қаладағы туристік инфрақұрылымды, табиғатты, мәдениетті, медицинаны және сервисті біріктіретін бірыңғай туристік экожүйе қалыптастырылып келеді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив