A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 11:30 0

Өскеменде «ZAN FEST: Заң мен тәртіп – жастар таңдауы» облыстық форумы өтті

Бүгін / Өскемен

Іс-шара «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында ұйымдастырылып, жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, құқықтық санасын арттыруға, мемлекеттік билік институттары мен құқық қорғау органдарына деген сенімді нығайтуға бағытталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Форумның басты мақсаты – жастарға заң мен тәртіп қағидатын түсіндіру, заң талаптарын сақтау мен қоғамдық тәртіпті қалыптастырудың маңызын жеткізу, құқықтық сауаттылықты арттыру. Іс-шараға құқық қорғау органдары, облыстық прокуратура, ШҚО Экономикалық тергеп-тексеру департаменті, ШҚО Полиция департаментінің өкілдері, қоғам қайраткерлері Ольга Рыпакова мен Нұрлан Асанов қатысты.
ШҚО Жастар ресурстық орталығының директоры Айдос Әділбекұлының айтуынша, форумның негізгі аудиториясы – жоғары сынып оқушылары мен студенттер.
- Форум ашық диалог форматында өтті. Жастар өздерін қызықтырған сұрақтарын тікелей сала мамандарына қою мүмкіндігіне ие болды, – деді ол.
Форум барысында заңдылық пен құқықтық тәртіпті сақтау, құқықтық мемлекет қалыптастырудағы жастардың рөлі, жастар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері талқыланды. Қатысушылар пікір алмасып, мемлекеттік органдар өкілдерімен еркін форматта әңгімелесті.
Сонымен қатар қаржылық қауіпсіздік негіздері бойынша баяндама жасалды. ШҚО Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің өкілдері жастар арасында қылмыстың алдын алу, дропперлік, қаржылық пирамидаларға қатысу және құмар ойындардың қаупі туралы айтты.
- Биыл Қылмыстық кодекске дропперлік үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді. Қазір облыста мұндай фактілер тіркелген жоқ. Ал республика бойынша үш дерек анықталып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, – деді ШҚО Экономикалық тергеп-тексеру департаменті 2-тергеу басқармасы басшысының орынбасары Дулат Нұрлыбек.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив