Кеше облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов Өскемен қаласының тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Ол 11 айдың ішінде Шығыс Қазақстанда бірқатар көрсеткіш бойынша оң нәтиже байқалғанын мәлім етті.
Анықталғандай, биыл жұмыссыздық деңгейі 4,6% деңгейінде сақталды. Облыста 25 000 жұмыс орны құрылды, оның 19 000-ы тұрақты.
Бұдан бөлек, орташа айлық жалақы 9,5%-ға өсіп, 403 000 теңгені құрады.
Пікірлер