A+ A A-

talgatzhan 32 18-10-2024, 10:31 0

ШҚО-да мүгедектерге арналған шипажайда жемқорлық тәуекелдері тіркелген

Бүгін / ШҚО

Ресми ақпаратты ШҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысы Денис Шакенов ұсынды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Мәлім болғандай, өңірдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет облыстың әлеуметтік қорғау саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізіп, бірқатар жүйелі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтады.
Айталық, мүгедектер санаторий-курорттық ем алған кезінде олардың 52 жеке көмекшісіне жалпы сомасы 3 миллион теңгеден астам негізсіз төлемдер төленгендігі белгілі болды.
- Алайда заңнамаға сәйкес, мүгедектер курортта ем алып жатқанда олардың жеке көмекшілерінің қызметтері тоқтатылуы тиіс. Талдау қорытындысында әлеуметтік қызметтер саласының ақпараттық жүйелерін интеграциялау бойынша ұсыныстар берілді, - деді Денис Шакенов.

Фотосурет ашық дереккөзден

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив