«Қазгидромет» облыстық филиалының мәліметінше, 24 желтоқсанға қараған түні және таңертең өңірдің оңтүстігі мен орталығында тұман түседі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындарын ауа райының қолайсыздануы туралы ескертеді.
- Осындай жағдайларда жүргізушілерге мұқият болып, жылдамдық режимін және қашықты сақтауға, ал жаяу жүргіншілерге жарақат алу қаупін азайту үшін сақтық шараларын қабылдауға кеңес береміз, – делінген ақпаатта.
Дауылды ескертулер туралы ақпаратты «Дармен» тегін мобильді қосымшасын жүктеу арқылы алуға болады.
Төтенше жағдайда 112 нөміріне хабарласу қажет.
Пікірлер