Бұл туралы ШҚО Ветеринария басқармасының басшысы Рамиль Сағандықов мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Оның айтуынша, облыстық әкімдіктің қолдауымен эпидемияға қарсы шараларға қосымша бюджет қаражаты бөлінді, бұл сала мамандарының жалақысын 15%-ға арттыруға мүмкіндік берді.
- Жалпы қазір 27 маман тапшы. Оның ішінде 8 ветеринар қажет. Алтай ауданында да кадр тапшылығы байқалады. Бұл мәселені шешу үшін бос лауазымдарға конкурс жарияланды, - деді басқарма басшысы.
Пікірлер