Аязға байланысты 2 ауданда оқушылар қашықтан оқиды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Күршім ауданында ауа температурасының -23-тен -30 градусқа дейін төмендеуі себепті 1 және 2 ауысымдағы оқушылар онлайн форматқа көшірілді. Бұл шешім 0-4 сыныптарға қатысты.
- Ал Алтай ауданында ауа температурасы -28-тен -32 градусқа дейін төмендеген. Сондықтан Путинцево орта мектебінде, Михаил Бикетов атындағы орта мектепте, Тұрғысын орта мектебінде, Новокрестьянка бастауыш мектебінде, Леснопристань орта мектебінде, Соловьев орта мектебінде және Маяк орта мектебінде 1 және 2 ауысымдағы 0-4 сынып оқушылары қашықтан оқиды. Ал Чапаев орта мектебінде және Михаил Харин атындағы мектепте 0-9 сыныптар мектепке бармайды, - делінген ақпаратта.
Пікірлер