Риддер қаласында тұрғын үй ауласында 6 жасар баланы қағып кеткен жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен. Бала ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.
Оқиға 23 желтоқсанда болған. Lada X-Ray маркалы автокөлік жүргізушісі тұрғын үйлердің бірінің маңында кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккен бала медициналық мекемеге жеткізілді.
- Полиция қызметкерлері жүргізушіні анықтады. Оның көлігі тәркіленіп, арнайы тұраққа қойылды. Аталған дерек бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды, олардың қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады, - делінген ШҚО Полиция департаментінің ақпаратында.
Пікірлер