A+ A A-

talgatzhan 31 Бүгін, 10:40 0

ШҚО-да ер адам атыс қаруын заңсыз сақтаған

Бүгін / ШҚО

«Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу шарасы барысында ШҚО Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері атыс қаруын дайындау және заңсыз сақтау фактісін анықтады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Белгілі болғандай, облыстың 44 жастағы тұрғыны 2021 жылы 5,6 мм калибрлі иір ойықты атыс мылтығын жасап, үйінде заңсыз сақтаған. Сонымен қатар 5,6 мм калибрлі 500-ден астам оқ-дәрі  тәркіленді.

Аталған факті бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Айта кетейік, ШҚО Полиция департаменті жыл сайын заңсыз сақталған қару-жарақтарды, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды ерікті түрде тапсыру бойынша акция өткізеді. Мұндай заттарды өз еркімен тапсырған азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив