A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 13:00 0

Қазақстан сиыр еті экспортынан рекорд жасауға жақын

Бүгін / Республика

Сол себепті, жеткізілімдер көрсеткіші әлі де қатаң бақыланбақ, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Желтоқсан айына таяғанда Қазақстан шамамен 30 мың тонна сиыр етінің экспортын жасаған. Бұл өз кезегінде рекордтық көлемге жетіп отыр. Мұндай тың деректі вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлім етті. 

– Біз ет жағдайын мұқият бақылап отырмыз. Қазіргі уақытта рекордтық деңгейге жақындап келеміз: шамамен 30 мың тонна экспорттадық, биыл 40 мың тонна экспорттай аламыз. Бұрын "60 мың тонна экспорттаймыз" деген ұрандар болған. Қазір біз оны оңай жасай аламыз, бірақ мұның бәрі ішкі нарықтағы бағаларға әсер етуде, – деді ол.

Серік Жұманғарин жағдайды бақылау үшін экспортты квоталау туралы шешім қабылданғанын жеткізді. Бұдан былай сиыр етін тек өзінің бордақылау алаңдары мен жеке ет комбинаттары бар кәсіпорындар ғана экспорттау мүмкіндігіне ие. 

– Біз экспортқа шығарылатын, бірақ жетілген және семірмеген барлық ірі қара малды "шаңсорғышпен" жинап алу жағдайынан аулақ болғымыз келеді. Бұл – біздің мал шаруашылығы әлеуетімізді тиімсіз пайдалану. Сондықтан, экспортты бордақылау алаңдары арқылы жүзеге асырған жөн, – деп нақтылады вице-премьер.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив