A+ A A-

talgatzhan 39 Бүгін, 12:10 0

Өскеменде бірнеше саяжайға жарық тартылады

Бүгін / Өскемен

Бұл туралы облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Ол қала тұрғындарымен кездесу барысында «Металлург-2» және «Энергетик» кооперативтерінде дайындық жұмыстарының жүргізілгенін айтты.
- Халық жыл бойы тұратын саяжайлардағы электр желілері қаланың коммуналдық меншігіне қабылданып, қызмет көрсету тізіміне енгізілді. Алдын ала есеп бойынша «Металлург-2» саяжайына 60, ал «Энергетик» саяжайына 54 жарық бағанасын орнату қажет, - деді Нұрымбет Сақтағанов. 
Әкімнің айтуынша, жарық тарту жұмыстары «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында қолдау тапты.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив