A+ A A-

talgatzhan 18 Бүгін, 12:20 0

ШҚО-ға биыл 365 мыңнан астам турист келген

Бүгін / ШҚО

Оның 351 мыңы – отандық, ал 14,5 мыңы – шетелдік туристер. Бұл көрсеткіш былтырғымен салыстырғанда 9,4 пайызға артты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

ШҚО Туризм басқармасының басшысы Ержан Сембиновтың айтуынша, туристер ең көп баратын аймақ – Катонқарағай ауданы. Дегенмен бұл өңірде қонақүй тапшылығы әлі де өзекті мәселе болып отыр.

- Қазір облыс аумағында туристерді орналастыруға арналған 405 нысан жұмыс істейді. Бұл көрсеткіш бойынша Шығыс Қазақстан республика бойынша 2 орында тұр, ал 409 нысаны бар Жетісу облысы 1 орынға шыққан. Өңірдегі орналастыру орындарының бір мезеттегі сыйымдылығы 21 692 төсек-орынды құрайды. Яғни, өткен жылмен салыстырғанда 1 316 орынға немесе 6,5 пайызға артқан. Бұл көрсеткіш бойынша Шығыс Қазақстан Жетісу облысы мен Алматы қаласынан кейін 3 орында тұр, - деді Ержан Сембинов. 

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысының 8 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес туристік инфрақұрылымды кешенді дамыту мақсатында облыс әкімдігінің қаулысымен өңірлік туристификация картасы бекітілген.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив