A+ A A-

talgatzhan 31 Бүгін, 12:40 0

ШҚО-да 30 градус аяз болады

Бүгін / ШҚО

«Қазгидромет» РМК  25–27 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап. 

Алдағы күндері Қазақстан аумағы арқылы белсенді солтүстік-батыс циклоны жүріп өтеді. Оның әсерінен қар жауып, ал оңтүстік өңірлерде қар, кей жерлерде жаңбыр жауады.

26 желтоқсанда оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде жауын-шашын күтіледі. Республиканың басым бөлігінде бұрқасын болып, жел күшейеді. Ал батыс және оңтүстік өңірлерде көктайғақ күтіледі.

27 желтоқсанда циклонның орнына суық батыс антициклоны келеді, соның әсерінен жауын-шашын біртіндеп тоқтап, ауа температурасы төмендейді. Түнде солтүстік-батыс пен солтүстік өңірлерде -25…-30°C, ал шығыста -22…-30°C дейін аяз болады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив