A+ A A-

talgatzhan 11 Бүгін, 14:20 0

Рұқсат құжаттары мен лицензияларды ұзарту енді SMS арқылы еске салынады

Бүгін / Республика

eLicense.kz порталында пайдаланушыларға рұқсат құжаттары мен лицензиялардың мерзімі аяқталатыны туралы хабарлау функциясы енгізілді. Енді жүйе құжат мерзімі бітуге 30 күн қалғанда автоматты түрде SMS-хабарламалар жібереді. Бұл пайдаланушыларға алдын ала дайындалып, өз қызметінде кідірістердің алдын алуға мүмкіндік береді. Бұл туралы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап. 

Бұрын пайдаланушылар рұқсат құжаттары мен лицензиялардың мерзімін өздері бақылауы тиіс болатын. Жаңа хабарландыру қызметі мемлекеттік электрондық қызметтерді пайдалану тиімділігін арттырып, пайдаланушыға құжаттарды уақытында ұзарту үшін алдын ала әрекет жасауға мүмкіндік береді.

— SMS-хабарламаларды автоматты түрде жіберу функциясы тек мерзімі белгіленген рұқсат құжаттары мен лицензияларға қатысты қызметтер үшін іске асырылған. Хабарламалар электрондық үкіметтің SMS-шлюзі арқылы 1414 қысқа нөмірінен жіберіледі, — делінген хабарламада.

Хабарлама мысалы: «Құрметті пайдаланушы, Сіздің рұқсатыңыздың (рұқсат немесе лицензияның бірегей нөмірі) қолданылу мерзімі 30 күннен кейін аяқталады. Толық ақпарат алу үшін жеке кабинетке кіріңіз».

МАҢЫЗДЫ! Пайдаланушылардың назарына: SMS-хабарламалар eLicense.kz порталының ресми хабарландыруы болып табылады.

Хабарлама пайдаланушының өтініш берген кезде көрсеткен телефон нөміріне жіберіледі. Сонымен қатар, нөмірдің дұрыстығы алдын ала Мобильді азаматтар базасымен (МАБ) сәйкестендіру сервисі арқылы тексеріледі. Осылайша, пайдаланушылар eLicense.kz порталында рұқсат құжаттары мен лицензияларын уақытында жаңарта алады.

SMS-хабарламалармен қатар, порталдағы кейбір мемлекеттік қызметтерде рұқсат құжаттарын проактивті түрде қайта рәсімдеу мүмкіндігі қарастырылған. Бұл процесс автоматты түрде жүзеге асады, мемлекеттік органдардың қатысуын немесе қосымша әрекеттерді қажет етпейді. Проактивті қайта рәсімдеу лицензия иесінің негізгі деректерін, мысалы, аты-жөні немесе ұйым атауы өзгерген жағдайда қолданылады. Мұндай қызметтерге мыналар жатады:

— Пестицидтердің мемлекеттік тіркеуі;

— Шығу тегінің, элиталық тұқымдардың, бірінші, екінші және үшінші репродукция тұқымдарының, сондай-ақ тұқым сатушылардың аттестациясы;

— II категориялы объектілерге әсер етуге экологиялық рұқсат беру;

— I категориялы объектілерге әсер етуге экологиялық рұқсат беру;

— Бағдарламалық қамтамасыз ету мен электрондық өнеркәсіп өнімдерін сенімді бағдарламалар мен өнімдер тізіліміне қосу немесе шығару.

Жаңа функционал Қазақстан Республикасы Ақпараттық технологиялар мен жасанды интеллект министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті мен «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ бірлескен жұмысының нәтижесінде іске асырылды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив