A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 14:50 0

ШҚО-да 34 санитарлық торап жұмыс істеп тұр

Бүгін / ШҚО

Оның 11-і ШҚО Туризм басқармасы арқылы субсидияланған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Санитарлық тораптар Катонқарағай, Глубокое, Тарбағатай, Ұлан, Алтай, Үлкен Нарын аудандары мен Өскемен қаласында орналасқан. Ал 2026 жылы Катонқарағай ауданына тағы екі торап орнатуға өтінім жолдау жоспарланып отыр.

- Қысқы туристік маусымның басталуына байланысты өңірде жыл бойы жұмыс істейтін 138 орналастыру нысаны туристерді қабылдауға дайын. Оның қатарында тау шаңғы кешендері, демалыс базалары, қажетті инфрақұрылыммен және қысқы кезеңге арналған жылу жүйелерімен жабдықталған қонақүйлер бар, - деді ШҚО Туризм басқармасының басшысы Ержан Сембинов.

Оның айтуынша, маусым басталмай тұрып, тау шаңғы кешендерінің техникалық дайындығына мониторинг жүргізілген.

- Қазір аймақтағы «Алтай Альпісі» демалыс орны толық жұмыс істеп тұр. Ал Глубокое ауданындағы «Нұртау», Риддер қаласындағы «Эдельвейс» және «StarDustCamp» тау шаңғы кешендерінің жұмысы 20 желтоқсаннан кейін басталады, – деді басқарма басшысы.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив