ШҚО Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы басшысының міндетін атқарушы Әсел Түлепованың сөзінше, әзірге олар Өскемен әуежайында оқытылуда, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жауапты тұлғаның айтуынша, жыл басынан бері 987 жұмыс беруші мен 4 мыңнан астам адамның қатысуымен 121 бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылған.
– Жәрмеңкелер қорытындысында 532 адам тұрақты жұмысқа орналастырылып, 700-ге жуық азамат субсидияланатын жұмыс орындарына жолданды. Қараша айында «Өскемен әуежайы» АҚ базасында сұранысқа ие 14 мамандық бойынша оқыту басталды. Оған Зайсан және Катонқарағай аудандарынан 45 жұмыссыз адам жіберілді. Олар сол аудандарда салынып жатқан әуежайларға жұмысқа жіберіледі, – деді Әсел Түлепова.
Облыс басшысы Нұрымбет Сақтағанов «Өскемен әуежайы» АҚ базасында білім алып жатқан азаматтардың Зайсан мен Катонқарағайдағы әуежайлар іске қосылғанда жұмысқа қабылдануға дайын болуы қажеттігін айтты.
Пікірлер